https://kst-sad61.edu.kz/kz/rukhani-zha-yru/145-khantalapaj.html#sigFreeIdda46d66f44
Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№61 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Ханталапай»
Ересектер тобы
Дене шынықтыру нұсқаушысы:
С.А. Байдаулетов
Қостанай қ. 2018
Ханталапай ұлттық ойыны
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық, тапқырлық, ептілік, дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Міндеттері: Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін және Отанға туған, өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен балалар. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ересектер топтардың арасында өткізлетін «Ханталапай» байқауына қош келдініздер.
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады.
Алдымен әділқазы мүшелерін сайлаймыз:
1) Берсүгірова.З.К
2) Алпысбаева.Н.С
3) Байдильдинова.С.Қ
Жүргізуші: Балалар осы енді асық ойыны туралы бейнероликке назар аударайық.
(Әли мен Ая мультфильм ).
Жүргізуші: Салт – дәстүрім жарасса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарасса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша
Ортаға ойыншылырды шақырамыз «Айналайын», «Қызғалдақ», «Салтанат» тобы.
Жүргізуші: Ойынды бастар алдында
«Талапай - ау, талапай табылды ойын алақай» - деп айтады. Балалармен бірге қайталайды, қоржындағы асықтарды, отырған балаларға шашады.
Балалар: Жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады. Жинаған асықтарын санап, әр бала 1 асықтан тігіп ойынға қатысады. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастайды. Асықтарды атады да, тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, жүргізуші қойған тапсырмаға жауап береді. Егер ойыншы бала жауап бере алмаса, қатысушы басқа балалар жауап береді. Дұрыс жауап берген қатысушыға тигізе алмаған баланың бір асығы беріледі.Осылайша ойын жалғасады. Ойын соңында асықты көп жинаған бала жеңімпаз атанады. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес интелектуалдық тапсырмалар алдын ала дайындалады.
Сұрақтар:
- Төрт – түлікті ата?
2) Сүт тағамдарын ата?
3) Жылқының сүтін не деп атайды?
4) Қазір жылдың қай мезгілі?
5) Көктем мезгіліндегі мерекелерді атаңыз?
6) Қазақтың ою - өрнектерін ата?
7) Асықтардың түскендегі атауы?
Ойын жеңімпазы анықталған соң әділ - қазылар алқасы ептілігімен, шапшаңдығымен, білімімен, қырағылығымен көзге түскен балаларды - «Мерген бала», «Зерек бала», «Алғыр бала» деген номинациялары бойынша марапаттайды.