https://kst-sad61.edu.kz/kz/rukhani-zha-yru/121-men-z-otanymny-patriotymyn.html#sigFreeIddbfbd59069
Ересек «Қошақан» тобының тәрбие сағатының конспектісі
Өткізу күні: 11.11.19 ж
Тәрбиеші: Р.Қ.Сармурзина
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен өз Отанымның – патриотымын!»
Мақсаты: Өз туған елдеріне, жерлеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: АКТ Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, интерактивті тақта. Билингвалдық компонент: Отан - Родина Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: Ұйымдастырушылық кезеңі:
І. Кіріспе бөлім. Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі тәрбие сағатында біз Отанымыз жайында әңгіме жүргіземіз. Отан-біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, аулымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз. -Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды, көк аспандай.
- Балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады. Рәміздерімізді үлкен де, кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Ал әнұранды біз білеміз. Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.- Біз Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз -Қазақстан. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. Отан -біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз. Балалар, біз Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз. (балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту. Балалар мұқият тындап, назарларын суретке аударады.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық.
Құс болып қанат қағайық.
Астананың төріндегі
Бәйтерекке ұқсайық.
-Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Қасым – Жомарт Тоқаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай қалада өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Қостанай қаласында, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді Отан туралы тақпақ оқып берейін.
Біз Отанның гүліміз,
Туған жердің нұрымыз.
Тәуелсіз біздің еліміз,
Қазақстан бай жеріміз.
ІІ. Негізгі бөлім.
Отан дейміз кең байтақ астананы.
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шетіде жоқ, шегіде жоқ.
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Отан! Отан! Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгін өлең, тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық. Кәне кім тағы , қандай тақпақтар айтып береді?
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Ән: «Ауылым»
ІІІ. Қорытынды бөлім. Тәрбиеші: Міне, балалар, біз күнделікті оқу қызметінде , қызықты да көп нәрсеге үйренетін боламыз. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен жүрейік. Бүгінгі тәрбие сағатында жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Мен өз Отанымның патриотымын - атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.
Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№61 бөбекжай- бақшасы» МКҚК
«Мен өз Отанымның – патриотымын!»
Ересектер тобы
Қостанай, 2019 жыл