«Табиғат - тәрбие құралы» ересек топтар арасында шағын семинар практикум.


Ортаңғы топтар арасында “Жасыл балабақша” жобасы аясында “Эко бұрышқа”саяхатқа барды. Саяхат барысында балалар бұрыштағы балықтармен, тотықұспен, алабұға тышқанмен танысты. Эко бұрышқа саяхаттау барысында Табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру; Өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы білімдерін кеңейту; Қоршаған ортаға ұқыпты, жауапты көзқарас тәрбиелеу басты міндетке алынды.


Бұл суретте ортаңғы «Қошақан» тобының балалары табиғатты қорғауға белсене қатысып жатыр. Балалар алаңқайдағы қоқыстарды жинап, арнайы жәшікке салып жатыр, гүлдерді суарып, өсімдіктерге қамқорлық көрсетуде. Осы іс-әрекет арқылы балалар тазалықты сақтауды, қоршаған ортаны аялауды және табиғатқа ұқыпты қарауды үйренуде. Бірлесіп еңбек ету балалардың жауапкершілігін арттырады.


Біздің балабақшада жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылып, сәтті өтті

Сенбілік барысында балабақша қызметкерлері аумақты тазалау, абаттандыру және көркейту жұмыстарын жүргізді. Аула қоқыстан тазартылып, айналамыз ретке келтірілді.

Осындай игі шаралар арқылы біз балаларымызға тазалықты сақтау, табиғатты аялау және еңбекті құрметтеу сияқты маңызды құндылықтарды үлгі ретінде көрсетеміз

Бірлескен еңбектің нәтижесінде балабақша ауласы таза, көрікті әрі балалар үшін қауіпсіз ортаға айналды

Барлық қызметкерлерге белсенді қатысқандары және еңбектері үшін алғысымызды білдіреміз! #тазақазақстан#тазақала


Қостанай қаласы білім бөлімінің

«№ 61 бөбекжайы» ҚМҚК

«Табиғатты қорғайық» ҰІӘ

Ересек топ «Раушан» Тәрбиешілер:А.А.Серікбай 

2024-2025 оқу жылы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Топ: ересек «Раушан»

Тақырып: «Табиғатты қорғайық»

Мақсаты: Балаларды табиғатты сүюге, қорғауға, күтіп ұстауға баулу. Қалдық материалдармен шығармашылық қабілеттерін арттыру. Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін дамыту

  1. Қонақтармен амандасу.
  2. Балалар бізде қазір қандай жыл мезгілі?
  3. Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
  4. Күз мезгілінде неше ай бар?
  5. Балалар бізге Жер ана хабарласып жатыр. Жер ананың не айтатынын тыңдап көрейікші

Жер ана: Сәлеметсіндер ме, балалар, мен Жер анамын. Адамдар жерге қоқыс лақтырғаннан табиғат ластануда. Сол себептен жаңбыр жаумай қойды. Маған сендердің көмектерін керек болады. Көмектесесіндер ме балақайлар?

-Ендеше балалар, біз сендермен табиғат әлеміне саяхатқа барамыз. Табиғат әлеміне бару үшін қолшатырға жапырақтарды жинайық. Ал енді үшке дейін санайықшы бірге

  1. Ғажайып сәт

-Балалар қараңдаршы қандай әдемі табиғат!

Жер ана: Табиғат әлеміне қош келдіндер балалар! Алдымен сендерге бірінші табиғаттағы қоқыстарды тазарту керек болып тұр.

  1. «Қоқысты сұрыпта» қимылды ойын

Балалар бізге қоқысты сұрыптау қажет. Жасыл түске қағаздан жасалған заттарды. Сары түске пластиктан жасалған заттарды. Қызыл түске резінкеден жасалған заттарды саламыз.

  1. Жер ана: Жарайсындар балалар. Сендер қолдан жасалынған және табиғи заттарды ажырата аласындар ма?

«Қолдан жасалынған және табиғи заттар» дидактикалық ойын

  1. «Қалдық материалдан заттар жасау» (жапсыру) Балалар жанағы жиналған қалдық материалдарды лақтырмай керегімізге жаратуға да болады. Қазір сендермен қалдық материалдардан қоян, қызыл қоңыз, гүл жасайықшы. Үш топқа бөлінеді.
  2. Жер ана: Балалар сендер өте шебер екенсіндер. Енді тек жаңбыр жауғызу қалды.

«Білімді бала» электронды кітап арқылы табиғат құбылыстарымен таныстыру.

Тәжірбие жасау «Жаңбыр қалай пайда болады?»

  1. Қорытынды

Микрофон әдісі арқылы сұрақ жауаппен қорытындылау

 


"Ағаштар біздің достарымыз"

 

Балалардың  экологиялық  тәрбиесі  мен  білімі  деп  білім  жүйесін,  құндылық  бағдарларын  қалыптастыруға,  табиғатқа  деген сезімді  жауапкершілікі түсіндіру мақсатында "Ағаштар біздің достарымыз" тақырыбында «Қызғалдақ» ортаңғы тобында ҰІӘ өткізілді. Балалардың табиғат туралы , ағашқа қамқорлық жасау, ағаштың беретін пайдасы  туралы қарапайым түсінік қалыптастырылды. Балаларды білім берудің бес бағыты бойынша дағдылары кіріктірілген іс –әрекет арқылы жүзеге асты. Ағаштан жасалған бұйымдар, пайдасы мен қолданылуы туралы білімдері бекітіліп, шығармашылық деңгейлері арттырылып, эстетикалық талғамдары дамытылды.

 Әр тәрбиеленуші шығармашылық орталықтарында қалаулары бойынша бөлініп, ағаштарды мүсіндеп, жапсырып, құрастырды.

 

 

Экологиялық білім мен тәрбие беру жөнінде "Қызғалдақ "ортаңғы тобының "Ағаштар біздің достарымыз" осы тақырып төңірегінде балаларға ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті өткізілді.Оқу барысында эксперименттік алаңда Көрмені балалар тамашалады,"Ағаштан жасалған бұйымдар" Дидактикалық ойын:"Батады- батпайды"ойыны өткізілді.Зерттеу алаңы "Біз зерттеушіміз ""Шығармашылық алаң" балалардың әр баланың өздеріне ұнаған шығармашылық түрін таңдауға мүмкіндік бердік (сурет салу,жапсыру,мүсіндеу).СУРЕТ САЛУ (дәстүрден тыс) -пампондармен бастыру әдісін қолдандық.ЖАПСЫРУ-жырту әдісінің қолдандық.МҮСІНДЕУ-балалар ұсақ қол моторикасын дамытып, үзу,домалату әдісін ,қаланды.Релаксация: "Банкі ішіндегі ағаштар".Балалар ерекше қызығушылықпен оқу-қызметіне қатысып барлық тапсырманы жақсы әрі мұқият орындап шықты.Назарларыңызға рахмет!