«Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
Қазіргі таңда білім беру мен тәрбие жүйесін қоғам сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселелері: қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан- жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда , мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ізгілендіру басты бағыт болып, жалғасын табу үшін «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін- өзі тану» рухани- адамгершілік білім берудің басты идеясын ұсынды.
«Өзін- өзі тану» пәнінің басты мақсаты- рухани- адамгершілік құндылықтары негізге
алатын, дені сау, ұлттық сана- сезіміоянған, рухани ойлай дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты,
ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп
өсіру.
Рухани – адамгершілік тәрбие баланы мейірімділікке, әдептілікке, отаншылдыққа өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін- өзі жетілдіруге, табиғатты сүюге, мейірімділікке, татулыққа, бірлікке, өз сөзі мен әрекеттеріүшін жауапкершілікті сезіне білуге үйретеді.
Біздің, Қостанай қаласы №61 бөбекжай- бақшада мектепалды даярлық топтарында рухани- адамгершілік білім берудің негізі «Өзін- өзі танудан» жоспарлы ұйымдастырылған оқу қызметтері, ашық көрсетулер, ата- аналармен жұмыс өткізіліп отырылады.
Сара Алпысқызының туған күніне орай бөбекжай- бақшада 3-12 ақпан аралығында Республика көлемінде өтілетін «Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» әдістемелік ұсыныс негізінде жоспарлы іс- шаралар өткізілді.
Бірінші кезекте Онкүндікті өткізу жөніндегі «Жүрекке жол тапқан- мейірімді ана Сара Алпысқызы» салтанатты ашылу іс- шарасы өтті, балалар шаттық шеңберіне тұрып, айналаға сүйіспеншілікпен қарап, амандасу рәсімін өткізілді:
- «Үлкенге де «Сіз», кішіге де «Сіз»
Барша жанды құрметтеп, бас иеміз «Біз» »
-«Сүйемін, сүйемін, сүйемін.
Айналамды сүйемін!
Қуанамын- қуанамын, қуанамын
Досымды құшақтаймын!» (Қимылдармен көрсетілді)
{gallery}/-1/8{/gallery}
Мектепалды даярлық топтарымен бөбекжай- бақша жантанушысы К.М.Дусмагамбетова «Балаға жүрек жылуы» атты тәрбие сағатын өткізді. Жантанушы балаларды мейірімділікке, қарым- қатынас жасай білуге, қамқорлық жасауға жетелеп, айнала қоршаған ортаны, адамдарды жақсы көру сезімдерін дамытуды алдына мақсат етіп қойып, балалардың бойына сіңіруге тырысты. Тәрбие сағаты арқылы балалардың жан дүниесі байып, жүректері жылы сөздерді қабыл алды.
{gallery}/-1/9{/gallery}
Онкүндіктің үшінші күні мектепалды даярлық топтарына арналып Сара Алпысқызының қызметі, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен Қазақстандық және Әлемдік ойшылдардың, педагог- гуманистердің шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Төртінші күні дене шынықтыру нұсқаушысы Б.Е.Нұрбаева мен хореограф Т.А.Муратов-тың..ұйымдастыруымен балалар «Қайырымдылық- жер бетінде» атты Флеш- моб көрсетті
{gallery}/-1/10{/gallery}
Келесі кезекте мектепалды даярлық топ балалары арасында «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстар сурет көрмесі ұйымдастырылды
{gallery}/-1/11{/gallery}
11- ақпан күні бөбекжай- бақшада «Ән- көңілдің ажары» атты ән байқауы өткізілді. Байқау мына сөздермен басталды: Адамзатты аялаған ақ арман
Барлық ғалам Махабаттан жаралған
Өмір- өзен сан- сарапқа ақса да
Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.
Балалар достық, ата- әже,туған жер туралы әндерін нақышына келтіріп, ерекше сезімге бөлене орындап, көрермендердің қошеметіне ие болды.
Келесі кезекте бөбекжай- бақшада мектепалды даярлық топтары 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірі мен қызметіне арналған жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізді. Сабақтардан балалар рухани азық алып, бір- біріне деген достық, сүйіспеншілік, адамгершілік, мейірімділік сезімге бөленгендері айқындалып тұрды
Усенова М.Н.
{gallery}/-1/7{/gallery}