oC

"Кітапханаға саяхат»

 

  "Оқуға құштар  балабақша" жобасы аясында  «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиеленушілері Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына  саяхат жасады. Кітапхана қызметкерлері балаларды оқу залымен, кітапханашымен, оның еңбегімен таныстырды.

      Балаларға кітаптардың қалай "өмір сүретіні" туралы түсінік берді, кітаптарға  деген қызығушылықты арттырды. Әңгіме барысында "Ұлы мәртебелі кітап " көркем әдебиетті оқуға қызығушылық тудырды.  Кітаптың адам өміріндегі рөлін ашуға, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру үшін кітаптар мен оқудың маңыздылығын көрсетуге тырысты.

    Аспан әлемі туралы шағын әңгіме өрбітті, балалар киноскоп көмегімен аспан әлеміндегі жұлдыздарды тамашалады. Кітапханаға саяхат барысында әр тәрбиеленуші кітапты оқудың, суретін тамашалаудың қаншалықты қызықты және қажеттігін түсінді.