oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-1/-1/6/1
JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-1/-1/6/2
JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-1/-1/6/3
JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-1/-1/6/4
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-1/-1/6/1
There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-1/-1/6/2
There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-1/-1/6/3
There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-1/-1/6/4

«Мектепке дейінгі үздік ұйым - 2022» қалалық сайысының № 61 бөбекжайы үздік эргономикалық шешімдер айдары бойынша семинарлар мен педагогикалық кеңестердің, шебер сыныптар мен үздік тәжірибелердің анықтамалары мен фото суреттері беріліп отыр. "Бақылаймыз, ойнаймыз, дамытамыз"  атты шебер – сынып барысында, «тұтас бала бейнесі» ынталандыру, ерік –жігер қасиеттерін, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тыңдау, ойлау қабілетін қалыптастыруға арналған ойындар жайлы айтып түсіндірді.Ойын аланы қарапайым (дөңгелек) жұмсақ фетр матасынан жасалған. Қолдануы қолайлы. ата-аналар, арнаулы мамандар (тәрбиешілер, психологтар, дефектологтар) қолдануға болатынын айтылды. Әр педагогтың осы ойынды жас ерекшеліктеріне сай қолдануға және баланың жан-жақты дамуына, сөйлеу тілін жетілдіругемол әсерін тигізу мүмкіндігіне ие болатыны туралы пікірін білдірді. «Мектеп жасына дейінгі балалармен сауат ашу жұмысының кеңдері мен әдістері» атты балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын, сөйлеудің қалыптасу заңдылықтарын, баланың сөйлеуді меңгеруде өтетін бес кезеңіне тоқталды. (дыбыстардың дифференциациясы, фонемалардың айырмашылығы, фонематикалық ерекшеліктері, дыбысты қабылдау,дифференциацияланған дыбыстық бейнесін қалыптасуы). Дауысты дыбыстармен танысу алгоритімі,әрбір дыбыспен танысқанда тактильді, көру, есту, мотролы анализаторларға сүйене отырып оның толық сипаттамасы туралы айтып, ойын арқылы беріледі. «Жүн өңдеу» техналогиясын мектеп жасына дейінгі ұйымдарда инновациялық техналогия ретінде тиімді пайдалану жолдары тақырыбында Сейілхан жүннен жасалатын бұйымдар туралы мағұлмат беріп. жасалу жолдарын үйрете отырып,өнерге деген шеберлік,ынта қабылеттерін арттырды. Жүн өңдеу технологисы 5 білім беру саласын қамтитынын көрсетті. «Асық ойындары  арқылы балалардың денсаулығы  мен танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында, асық ойынының бала денсаулығына пайдалы тұстарын айтылды. «Артикуляциялық жаттығулардың бала денсаулығына пайдасы» дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру, тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру. Артикулялық жаттығулардың көмегімен бала дыбыстың қалыптасу процесіне қатысатын сөйлеу мүшелерінің кимылдарын үйренетінін атап өтті.Әр жас ерекшелік топ тәрбиешілеріне артикуляциялық жаттығудың жинағымен бөлісетін болды.

«Арт терапияның сыры» балалармен арт-терапияны қолдану принциптері мен арт-терапиялық жұмысты жүргізу ережелерімен мен бөлісті. Ертегі терапиясы, Қуыршақ терапиясы, Құм терапиясы Изотерапия жұмыстарын қолданып жүргізуде отбасы және балабақша ынтымақтастығы орнайды, бала үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттыратынын айтып, дәлелдей көрсетті.

Педагогикалық кеңестер арқылы тәрбиешілердің заманауи көзқарасын, шеберлігін жетілдіреміз. «Балалардың сөздік қоры мен сөйлеу қарым-қатынасын дамыту бойынша тәрбие-білім беру жұмысының тиімділігі" "Қатынас" білім беру саласын игеру бойынша балалармен жұмыс тиімділігін бағалау бойынша ұйымдастырылды. Педагогтар кеңес барысында  тәжірибелерімен бөлісті; Жантанушы Дусмагамбетова К.М. «Түрлі түсті Марбас тастары арқылы балалардың сөздік қорын дамыту», орыс тілі мұғалімі Садикова З.Б."Қолдың ұсақ моторикасын дамыту арқылы ойын іс-әрекетінде балалардың сөйлеуін дамыту" бойынша тәжірибемен бөліссе, кіші топ тәрбиешісі  Г.К.Даулетова жас ерекшелік топтар бойынша «Мектеп жасына дейінгі балалардың ана тілінде анық сөйлеу деңгейін анықтау» нәтижесін көрсетті. А.А.Серікпай  "Оқуға құштар ұлт жобасы" арқылы мектепке дейінгі бала мен ата – аналармен жұмысты ұйымдастыру нәтижелілігі туралы баяндап берді.

"Инновациялық технологияларды қолдану білім беру сапасын жақсарту факторы"тақырыбында тәжірибелерімен Сыздыкова «Инновациялық технологиялар - сапалы білім кепілі», Ибраева М.А. «Васкобович дамыту ойындарын қолдану», Торина А.А. «Кюизенердің түрлі –түсті таяқшалары арқылы баланың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары», Сартаева С.Н. «Жобалау  жұмысын  ұйымдастыру  арқылы балалардың  танымдық - зерттеушілік әрекетін дамыту».

«Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, денсаулық сақтау технологияларын ұтымды пайдалану» тақырыбында өткізілді. Педагогтар кеңес барысында  тәжірибелерімен бөлісті;  Умралина А.Б. «Мәдени-гигиеналық дағдылар - салауатты өмір салтының кепілі», Бектабанова.В.К. Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтудағы «Денсаулық сақтау кеңістігі» туралы тәжірибелерімен бөлісті. «Денсаулық минуттері» бойынша әр жас ерекшелік топтардан және  дене шынықтыру нұсқаушылары Саусақ жаттығулары, артикуляциялық жаттығулар,тыныс алу жаттығулары, көзге арналған жаттығулар, дене бітімін түзетуге арналған жаттығулар, динамикалық пауза, уқалау, психогимнастика, релаксация, тынышталдыру сәттерін көрсетті және жинақтар жасады. Ашық қызметтердің көрсетілімді

Ата- аналарға арналған  кеңестердің буклеттері мен папкалар көрмесі ұйымдастырылды.

Жас ерекшелік топтар  мен жеке педагогтар арасында Қазақ халқының дәстүрлеріне деген қызығушылықты арттыру, мектепке дейінгі балаларда мәдени - кеңістіктік және пәндік - дамытушылық ортаны құру арқылы ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру мақсатында «Ең үздік ұлттық бұрыш» байқауыны ұйымдастырылды. Байқауға 13 жас ерекшелік топтар мен дене шынықтыру нұсқаушысы қатысты. Байқау екі кезең бойынша өтті. 1-кезең  топтарда ұлттық бұрышты ресімдеу. 2-кезең  қазылар алқасы мүшелерінің  қарап, бағалауы.

«Салт - дәстүр алтын қазынам» атты жас ерекшелік топтар мен мамандар арасында сайысы өткізілді. Сайыс негізгі мақсаты: педагогтардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Тіл көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы тәрбиешілердің дүниетанымын, ой өрісін кеңейту. Сайыстың ережесі және бағалау критерилері алдын ала қатысушыларға беріліп, бекітілді. Сайыс келесі бөлімдерден тұрды «Ал, қанекей танысайық!» (таныстыру); «Өнерлі өрге жүзеді» (ән, би, монолог, сахналық көрініс, өнерлерін көрсету); «Қазағымның салты-ай» (берілген салт-дәстүрге анақтама беру);  «Кім тапқыр» (сұрақ - жауап, мақал мәтелдер); «Шебер қолдар» (берілген материалдардан зат құрастыру;  «Ұлттық киім сән үлгісі». Сайыс эстетикалық талапқа және бағалау критерилеріне сай қызықты да көңілді өтті. Бөбекжайда өткізілетін барлық әдістемелік жұмыстар әр тәрбиешінің жеке қабілетін ашуға, әдістемелік ақпарат алуға көп көмегін береді. Сол себептен үздік шешімдер қабылдау, өздерінің үздік сәттерін көрсету, тәжірибе алмасу ол педагогтердің қолында. Әр педагогтың өзін –өзі жетілдіруі, шығармашылық ізденісіне тікелей байланысты. Беріліп отырған материалдар, яғни үздік шешімдер бөбекдайымыздың бір жылдық қорытындысы.

{gallery}-1/-1/6/1{/gallery}

{gallery}-1/-1/6/2{/gallery}

{gallery}-1/-1/6/3{/gallery}

{gallery}-1/-1/6/4{/gallery}

Сайыс:

«Салт-дәстүр алтын қазынам»

Тәрбиешілер: Г.К.Даулетова

А.Т.Деріпсәлі

 

Қостанай 2022

«Салт-дәстүр алтын қазынам»

1 Жүргізуші:  Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.

2 Жүргізуші:  Армысыздар, құрметті әріптестер, бүгінгі «Салт-дәстүр алтын қазынам» атты сайысымызға қош келіпсіздер.

                          Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

                          Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

                         «Қыз өссе - елдің көркі» деген сөзді,

                          Қапысыз қалай айтқан қайран бабам- дей отыра сайысқа түсетін әріптестерімізді ортаға шақырайық.

1 Жүргізуші:  Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап,сайысқы қатысушылардың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазыларымызбен таныс болайық:( қошеметтеп қояйық)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Байқаудың шарттарымен таныстыру:

І. «Ал, қанекей танысайық!» (таныстыру)

ІІ. «Өнерлі өрге жүзеді» (ән, би, монолог, сахналық көрініс, өнерлерін көрсету)

ІІІ. « Қазағымның салты-ай» (берілген салт-дәстүрге анақтама беру)

ІҮ. «Кім тапқыр» (сұрақ - жауап, мақал мәтелдер).

Ү. «Шебер қолдар» (берілген материалдардан зат құрастыру)

ҮI. «Ұлттық киім сән үлгісі»

2 Жүргізуші:  Сайыскерлеріміздің сайысқа түсу ретін білу үшін, нөмір алуға әділқазыларымыздың қасына шақырамыз. (нөмер алып өз орындарына жайғасады)

1 Жүргізуші:  Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,

                         Көрейік, тәрбиеші  қыздарды жарыстырып

                         Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,

                        Әрбір тәрбиеші  көрсін өзін таныстырып- деп кезекті бірінші

бөлімге береміз

Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады. Әділ – қазылардан арулардың бағасын береді

2 Жүргізуші:   Кедеймін деп қысылма,

                          Өнерің болса қолыңда

                          Өнерлінің ырысы

                          Жарқырап жатыр жолында.

                          Сайыста ән салайық, би билейік,

                          Өнермен өрге басып кідірмейік- келесі кесекті «Өнерлі өрге жүзеді» атты бөліміне береміз.

1 Жүргізуші:   Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

                          Көрінер толған айдай жүзі жарқын,

                         Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын- дей отыра келесі кезекті «Қазағымның салты-ай» сайысына береміз. (қатысысушылар бір билеттен алып, билетте жазылған салт-дәстүрге анықтама береді)     

Сұрақтардың жауабы:

Қымызмұрындық – бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Құлын байлап, бие сауылып оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-көлемдер «қымызмұрындыққа» шақырылған. Яғни алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен беріледі. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді.

Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған.

Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған - туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша келіндер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым».

Ерулік беру — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерінөздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қартажал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.

Жылу жинау- Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор тасынан бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады.

Қап қағар –қыс аяқталып, көктем басталғанда ет сүрленіп, азая бастайды. Ол ет қапта болады. Сол кезде ет асылып, аздап адам шақырылады. Бұл дәстүр “ ет қайтар” деген ұғымды білдіреді, ал қаптың ең соңғысын асып, бөліп жейді.

Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл - қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі - үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

2 Жүргізуші:  Ә-дегенше сайысымыздың төртінші кезеңіне де келіп жеттік. Бұл сайысымызда біз мақал –мәтелді бастап оқимыз сіздер жалғастырасыздар. Әр қатысушыға екі мақал-мәтел жасырылады. Білмеген жағдайда басқа қатысушы айтып ұпайын көбейтуге мүмкіндігі бар.

  1. Ана алдында құрмет, Ата алдында қызмет.
  2. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
  3. Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.
  4. Тұз астың дәмін келтіреді, мақал сөздің сәнін келтіреді.
  5. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.
  6. Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.
  7. Шешенің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.
  8. Анасыз өмір — сөнген көмір.
  9. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.
  10. Ананың сүті — бал, Баланың тілі — бал.

1 Жүргізуші:  Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!

                           Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!

                           Таңғажайып әлемі - өнер аты,

                           Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!

Ал енді әріптестеріміз «Шебер қолдары» бөлімінде көрермендерді өздерінің шеберліктерімен таңғалдыруға асығады. Қатысушы әріптесер алдарыңызға берілген заттармен сіздер қалауларыңыз бойынша бір бұйым немес зат жасап шығуларыңыз қажет. Берілетін уақыт 5 минут

Уақыт аяқталғанда қатысушылар өз бұйымдарымен таныстырып шығады.

2 Жүргізуші:  Сымбатына сән киім жарасатын,
                         Аспандағы айменен таласатын.
                         Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасатын- дей келе қатысушыларымызы «Ұлттық киім сән үлгісі» атты бөлімімге дайындалуларына жібереміз.

1 Жүргізуші:  Ал, көрермендер қатысушылар дайын болғанша сіздерді «Тез жауап бер» ойынына шақырғым келеді.

  1. Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? Көкжиектен
  2. Нені қазып қала болған? Жезқазған
  3. «Тұнығын лайлау» фразелогизімінің мағынасы-Мазалау
  4. Екі сөз бірігіп қалайша сайрайды? Бұлбұлша.
  5. Адамға адал, қасқырға қатал не? Ит
  6. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
  7. Баққаным әрі құс, әрі түйе. Түйеқұс
  8. Суы да ала, тауы да ала,
  9. Бар ма екен осыны білетін бала? Алатау, Алакөл.
  10. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? Б. Төлегенова
  11. «Қанатымен су себу» мағынасы -Көмек беру
  12. Абай Құнанбаевтың әжесі? Зере
  13. Шақса, қауіпті, бірақ адамға пайдалы не? Ара
  14. Өзіңе дос, құшағы кең кім? Ана
  15. Емен ағашында 5 алмабар еді, 2 құс жеп кетті неше алма қалды- еменде алма өспейді
  16. Өзі ала, өзі биік не? Алатау
  17. Өзі терең, өзі тұзды, өзі ала не? Алакөл
  18. Өзі талды, өзі қорған не? Талдықорған.
  19. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім? Мәсі
  20. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
  21. «Өзім деген кісіге өзегін жұлып беру»-құрметтеу
  22. «Мал құлағы саңырау» -құпия сақтау

2 Жүргізуші:  Құрметті көрермендер, біздің сайысымызда өз мәресіне таяп қалыпты. Сайысты қортындылап, мараппатау үшін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Сайысқа қатысқан әріптестерімізге рахмет айтамыз.


БЕКІТЕМІН-----------------------

№ 61 бөбекжайы» КМҚК

директоры: З.К.Берсүгірова.

 

Жас ерекшелік топтар  мен жеке педагогтар арасындағы

«Ең үздік ұлттық бұрыш» байқауының ережесі

  1. Жалпы ережелер

Осы ереже  № 61 бөбекжайы жас ерекешелік  топтар  мен мамандар арасында «Ең үздік ұлттық бұрыш»  өткізіледі.

«Ең үздік ұлттық бұрыш»  сайысының байқауын өткізу тәртібін реттейді.

  1. Байқаудың мақсаты: ұлттық тәрбие жүйесін дамыту, білім беру мекемесінде өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге қолайлы орта жасау.

Міндеттері:

  • Бөбекжайда әр жас ерекшелік топтарда ұлттық бұрыштарды даярлау;
  • қазіргі заман талабына сай  ұлттық мәдениет деңгейін арттыру;
  • ұлттық тәрбие жүйесінің жаңашыл тәжірбиелерін тарату;
  • балалардың ұлттық шығармашылық  мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру;
  • Балалардың бойында ұлттық тәрбиені, мәдениетілікті қалыптастыру;
  • педагогтар мен ата-аналардың  бірлескен жұмыс барысын орнату.
  1. Байқауға қатысушылар

 Байқауға № 61 бөбекжайының  барлық жас ерекшелік топтарының тәрбиешілері мен мамандары қатысады

  1. Байқауды өткізу тәртібі

1-кезең 2022 жылғы 20 -29 қаңтар аралығында топтарда ұлттық бұрышты ресімдеу.

2-кезең 2022 жылдың 04. 02.қазылар алқасы мүшелерінің қарап, бағалауы.

Байқау- сайысының алқасының құрамы:

  1. «№ 61 бөбекжайы»  директоры: З.К.Берсүгірова
  2. «№ 61 бөбекжайы» әдіскері: Н.С.Алпысбаева
  3. Кәсіподақ төрайымы: У.Ш.Балгабаева
  4. Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары: Танатова Б.Ө.

Бағалау критерийлері

- Ұлттық бұрышты, орталықты даярлау, безендіру кезінде қауіпсіздікті ескеру

- Ұлттық ойындар жинағы, атрибуттары, бетперделердің болуы

 -Мемлекеттік рәміздердің болуы

- Сәндік - қолданбалы өнер заттарының коллекциясы

- Ұлттық аспаптар, тағамдар, оюлар, салт –дәстүрлер  туралы альбом жинағы (жекеленген)

- Дидактикалық, қимылды ойындар картотекасы, ойын атрибуттарымен (білім саласына байланысты)

- Ұлттық қуыршақтар жиыны

- Көркем әдебиеттер жиыны (ертегілер, мақал –мәтел, жұмбақтар, аңыз әңгімелер, сөз жұмбақтар, санамақтар және т.б)

- Әр жас ерекшелік топтар мен педагог мамандардардың жоба жасауы

- Орталық бұрыштарды даярлау кезінде эстетикалық, санитарлық талаптарды сақтау

  1. Байқау қорытындысын шығару.

Сайыс ережесіне сай байқау барысы 3 тен 7 балл  көлемінде бағаланады, Сайыс критерийлеріне сай қорытынды бойынша үздік деп танылған жас ерекшелік топтар мен мамандар жеңімпаз болып саналады және марапатталады.


БЕКІТЕМІН

№61 бөбекжай КМКҚ

Директоры З.К.Берсүгірова

Жас ерекшелік топтар мен жеке педагогтер арасындағы «Салт-дәстүр алтын қазынам» сайысының ережесі

  1. Жалпы ережелер

Осы ереже №61 бөбекжайыда жас мамандар арасында «Салт-дәстүр алтын қазынам» сайысы өткізіледі.

«Салт - дәстүр алтын қазынам» сайысының өткізу тәртібін реттейді

  1. Сайыстың мақсаты: Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру. Тіл көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы тәрбиешілердің дүниетанымын, ой өрісін кеңейту. Ұжымда ауызбіршілікті нығайтып, мерекелік көңіл-күй сыйлау.
  2. Сайысқа қатысушылар

Сайысқа №61 бөбекжайының әр жас ерекшелік топ арасынан бір үміткер қатысады

Сайыс бөлімдері:

І. «Ал, қанекей танысайық!» (таныстыру)

ІІ. «Өнерлі өрге жүзеді» (ән, би, монолог, сахналық көрініс, өнерлерін көрсету)

ІІІ. « Қазағымның салты-ай» (берілген салт-дәстүрге анақтама беру)

ІҮ. «Кім тапқыр» (сұрақ - жауап, мақал мәтелдер).

Ү. «Шебер қолдар» (берілген материалдардан зат құрастыру)

ҮI. «Ұлттық киім сән үлгісі»

  1. Сайысты өткізу тәртібі

2022 жылдың 25 наурыз күні өткізіледі.

Сайыс қазылар алқасының құрамы:

  1. «№61 бөбекжайы» директоры: З.К.Берсүгірова
  2. «№61 бөбекжайы» әдіскері: Н.С.Алпысбаева
  3. Кәсіподақ төрайымы: У.Ш.Балғабаева
  4. Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары: Б.Ө.Танатова
  5. Бағалау критерилері

Мазмұны;

-  Сөйлеу мәнері;

-  Грация (жүріс-тұрысы);

-  Жауаптың дұрыстығы;

-  Уақыт мөлшері;

-  Әртістік шеберлігі;

  1. Сайыс қорытындысын шығару

Сайыс ережесіне сай байқау барысы 1 ден 5 балл көлемінде бағаланады, сайыс критерийлеріне сай қорытынды бойынша үздік деп танылған тәрбиешілер марапатталады.

Атауы Жүктеу
1 Сем.прак