Наурыз, шаттық әніміз!
Ертеңгілік
Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді халайық! Қош келдіңіздер құрметті бүлдіршін балалар,ұстаздар, ата – аналар , Наурыз мерекеміз құтты болсын! Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті. Наурыз күні қар немесе жаңбыр жауса «Нұр жауды» «туар жыл жақсы болады» деп қуанған. Наурыз күнінің бір ерекшелігі - бұл күн ағайынның көрісуімен басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесуден қалыптасқан дәстүр бар. Ендеше ортаға құрметті қонақтар балаларды шақырайық.
(екі жақтан балар келіп, төс қағыстырып, қол алысып амандасып, құшақтасып көріседі де орындарына отырады)
Бала : Ассалаумағалейкум!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Бала: Уағалейкумассалам!
Ұлыс оң болсын!
Пәле-жала жерге енсін!
(Екі бала төс қағыстырып қапсыра құшақтасып амандасады)
Бала:Ұлыс бақты болсын !
Бала: Бірге болсын!
Бала:Әр күніміз жақсы болсын !
Бала:Достығымыз берік болсын !
Бала: Армысыңдар ағайын!
Бармысыңдар ағайын!
Ұлыс бақты болсын!
Бала: Әр күніміз жақсы болсын!
Наурыз тойын бой жазбай
Жаңа жылды қарсы алайық!
Жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы,Наурыз салтанаты!
Той құтты болсын көрермен қауым! Жаңа жыл барлығымызға молшылық әкелсін – деп, думанды Наурыз мерекесін бастаймыз.
Ал балалар тұрмайық,
Тойымызды бастайық!
(балалардың тақпақтары)
Жүргізуші: Балалар естисіңдерме осында аттылардың дыбысы естіледі, бізге қонақ кележатыргой деймін, балалар кележатқан қонағымызды қарсы алайық.
Қожанасыр:
Ассалаумағалейкум!
Ұлыс оң болсын ағайын!
Бай:
Әр күніміз жақсы болсын!
Наурыз тойын бой жазбай
Жаңа жылды қарсы алайық!
Жүргізуші: Салеметсіздерме қадірменді қонақтар Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.Төретіңіздер, бүгінгі мерекені бірге тойлатайық, ән айтып, жырдан күміс шашайық.
Бай: Әрине, бұл күні қар еріп, құстар сайраған күн болғандықтан бұл күні бұлбұлдай шырқап қөңілімізді көтерейік.
Қожанасыр:Иә, бүгін күн мен түннің теңелген күні, жердің жаңарған күні.Келіңдер балалар өнерді ортаға салып тамаша бір ән салайық.
Ән: «Көктем»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, өнерлерің өрлесін.
Бай: Қожанасыр мына ауылдың балалары әнші екен,тіпті менің даусымды басып кетті.
Қожанасыр: Иә, мына балалар шетінен күміс көмей әншілер екен. Қанекей Байеке бізде бос тұрмайық мына тойда көңіл көтеріп бір ойын бастайық.
Бай: Бастасақ, бастайық ! мен қоржынымнан арқанды шығарып, арқан тартыс ойынын ойнайық.
Қожанасыр: Оу, Байеке бұл ойын менің ең жақсы көретін ойыным ғой. Ойнап, ойын шартын балаларға бір көрсетейік.
Ойын : « Арқан тартыс »
Қожанасыр: Байеке кел тағыда бір ойын ойнайық, балаларды ортаға шақырайық.
Бай: Қандай ойын ойнаймыз?
Қожанасыр: «Қыз қуу»!
жүргізуші:Ендеше ортаға бір ұл , бір қыз шыға қойсын.
Ойын: «Қыз қуу»
Ойын: «Тақия тастамақ»
Жүргізуші:
Көңілдердің хошын – ай,
Бар баланың досындай.
Ақ жүректі, кең пейіл.
Біздің балалар осындай,
Ән: «»
Жүргізуші: Балалар тыңдаңдаршы осында біреулер кележатқан сияқты.
(Залға Наурыз аруы келеді)
Наурыз аруы: Есенбісіздер, қырмызы гүлдей
Жайнаған берекелі елім!
Армысыздар, балалар!
Тағы келдім сендерге.
Наурыз тойын тойлайтын,
Келіп жеттім елдерге
Наурыз айы көктемің
Наурыз аруы:Бүгінгі ұлыстың ұлы күнінде тәттіден шашу шашамын балалар! (балаларға шашу шашады)
Жүргізуші: Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым!
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің.
Осы тойға ортамызға келіп, айналаны гүлге ораған, Наурыз аруы, төрлетіңіз. Біздің өнерімізді тамашалаңыз. Біздің бүлдіршіндер өзіңізге арнап тақпақ айтып, би билеп береді.
Жүргізуші:
Көктем тойы - Наурыз!
Өлең жырмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз – деп кезекті тамаша әнге береік
Ән: «Наурыз»
(балалардың тақпақтары)
Жүргізуші:
Ақ түйенің қарны жарылған күн
Үлкен-кіші асығып,
Бұл тойға бәрі ағылған күн дей келе барлҒын «қаражоға»бине шақырамын.
Би «Қаражорға»
Наурыз аруы: Балалар бүгінгі Ұлыс күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Менің сендерге арнап әкелген Наурыз силығым бар, қабыл алыңыздар. (қоржынға алмалар салынады)Менің кететін уақытым келді, мені өздеріңдей басқа балаларда мерекеге күтіп отыр. Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Сауболыңыз Наурыз аруы! (кетіп қалады)
Жүргізуші: Батамен ел көгерер,
Жаңбырмен жер көгерер, дегендей,
Қыдыр ата, өзіңізден бата күтеміз. Келесі сөз кезегін Шықбермес Шығайбай атамызға берейік бізге батасын берсін.
Бай:Көл жиналып тамшыдан,
Теңіз толсын қансыған,
Құт-береке кетпесін,
Диқан менен малшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі-бақи жаппасын,
Пәле жала қазақты
Іздесе де таппасын.
Бүлдіршіндер көбейіп
Өркендей берсін жеріміз,
Батыр туған ерлермен
Көркейе түссін еліміз.
Әумин.
{gallery}-1/-1/13/1{/gallery}