https://kst-sad61.edu.kz/kz/rukhani-zha-yru/131-t-uelsizdik-merekesi.html#sigFreeIdccf3fc9235
Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 61 бөбекжай - бақшасы» МКҚК
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»
(ІІ кіші топтарға арналған тәрбие сағаты)
Қостанай, 2018 жыл
Мақсаты : Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру .Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .
Тәрбиеші : Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті .
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернеп жүректі .
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Бәрі де сенің Отаның
Бойыңды биіктететін.
Рухына балап атаның
Өлгенше сүйіп өтетін.
Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не? Балалардың жауабы.
-Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .
Отан туралы тақпақтар :
Әмина : Отан деген - атамекен,
Отан деген – туған жер
Әбу Е. Отан – ана, Отан үлкен ,
Қазақстан – туған ел !
Қ.Айару. Отан ұран ,Отан – туым ,
Отан мәңгі гүлденеді
Асанәлі : Отан жерім , Отан – суым ,
Отан қуат, нәр береді
Ән : Астана .
-Балалар , ал еліміздің туралы не білеміз.
Тәрбиеші:Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.
Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді Балалардың тақпағы :
Айша : Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Ақниет : Отанымның төрінде .
Сарқаның өрінде
Ту ұстаған астанам,
Әсем қалам, бас қалам .
Димош: Бүгінгі күні бүкіл әлем таниды,
Қазақ елін, қазақ жерін, Қазақстан.
Тәрбиеші :Осы періште балалардың тілегі қабыл болсын дей отыра бүлдіршіндеріміздің орындауында
Ән : «Отан -ана»
Тазша бала: Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Мен кіммін ?
Балалар : Тазша бала
Тазша бала: Кім айтады ? Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар : Қазақстан Республикасында
Тазша бала : Қай қалада тұрасыңдар ?
Балалар : Арқалық қаласында
Тазша бала : Сендер Отан Туралы тақпақтар білесіңдер ме ?
Ариза: Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі – жеріңде,
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төріңде .
Дания : Бейбітшілік әніміз,
Бауырласпыз бәріміз
Дильназ :Мен –қазақпын мың , өліп ,мың тірілген ,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен .
Жылағанда жүрегім күн тұтылып.
Қуанғанда күлкіммен күн тірілген.
Мен қазақпын ,биікпін байтақ елмін.
Қайта тудым , өмірге қайта келдім .
Мен мың да бір тірілдім ,мәнгі ,өлмеске.
Айта бергім келеді , айта бергім.
Тәрбиеші : Қазақ халқы өнерге бай халық, соның ішінде күмбірлеген күймен, мың бұрала би өнері ерекше .Олай болса қыздарымыздың биін тамашалаңыздар
Би : «Бомбыра»
Тәрбиеші :Олай болса балалар ұлттық ойын ойнайық .
Ұлттық ойын: Күш сынасу.
Тәрбиеші : Балалар , сендер Отан ,Қазақстан , туған жер туралы тақпақтарды өте көп біледі екенсіңдер ! Жарайсыңдар ! Ал мақал – мәтелдер білесіңдер ме, оны «Кім жылдам?» ойыны арқылы байқап көрейік . Мен мақалдардың басын айтам , сендер жалғастырып айтыңдар .
Отан –оттан да ыстық
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
Өз елің – алтын бесігің
Отан – елдің анасы ,
Ел – ердің анасы.
Тәрбиеші Жарайсыңдар !Енді әнге кезек берейік
Ән . Біз кішкентай салдатпыз
Ойын : Мерген .
Тәрбиеші : Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар . Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауға міндеттісіңдер . Саналы , білімді азамат болу үшін не істеу керек ?
Балалар . Еңбек етуіміз керек .
-Біздің қазіргі еңбегіміз не ?
Балалар. Оқу!
Ән : Әрқашан күн сөнбесін .
Би : «Қаражорға!»
Тәрбиеші Бүгін , міне ,Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын , күннің нұры сәулесін мол төксін деп тәрбие сағатымыз аяқталды . Сау болыңыздар !
Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 61 бөбекжай - бақшасы» МКҚК
«Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ»
(Ересек,ортаңғы топтарға арналған мерекелік ертеңгілік)
Қостанай, 2018 жыл
Балалар әсем безендірілген залға музыкамен кіреді.
Жүргізуші: Кош келіпсіздер мерекеге баршаңыз,
Мерекеміз құтты болсын бүгінгі!
Тәуелсіздік мерекемізге орай бала бақшамызда ұйымдастырылған концертімізді ҚР мемлекеттік гимнімен ашуға рұқсат етіңіздер.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалайды шапағы .
Байтақ елім- Ұлы Қазақстаным,
Ең баққытты балалардың Отаны
(Орындарында тұрып жасайды.)
Жүргізуші: Ал, балалар, қәне Амандасу рәсімін жасайық.
Армысың, туған елім!
Армысың, туған жерім!
Армысың, халқым менің!
Баршаңызға үлкен Сәлем! (Балалар орындарына отырады.)
Құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Зауре Күндеқызыққызына береміз.
Жүргізуші: Көз азабында шеккен ел
Тозағында өткен ел
Батысында қар жатса
Шығысында көктем ел
Ол шетімен, бұл шеті,
Көз жетпейтін байтақ ел демекші,
Балалар, айтындаршы, Қазақстан елі қандай ел?(тәуелсіз, егемен ел)
Қазақстан Республикасының Елбасы? (Н.Ә. Назарбаев)
Қазақстан республиканың рәміздерін білесіндер ме? (Ту, елтаңба, гимн.)
Қазақстан Республикасының бас қаласы? Қазақстан Республикасының қазіргі ұлттық ақшасы? Біздің туған жеріміз?
Туымызға көгілдір
Бір қарамай өтпейміз
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз деп ортаға балаларымызды тақпақтарын айтуға шақырамыз!
Айсұлтан
Он алтыншы желтоқсан
Тәуілсіздік алған күн
Мерекені ел тосқан
Шырқатып ән салған күн
Жансұлу
Бабамның да арманы
Осы еді ғой аңсаған
Тәуілсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Алихан
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Сабыр
Тәуілсіздік таңы атты
Барлық әлем жаңарып
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады
Жүргізуші: Балалар, біз Отан деп нені айтамыз?
Балалар: (Бәрі бірге) Отан деген бірге тату- тәтті өмір сүретін өлке.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, Отан деген өзіміздің отбасымыз, әдемі әсем қаламыз және біздің сүйікті балабақшамыз деп түсінеміз.
(Отан туралы слайдтар.)
Жүргізуші: Ортаға ортаңғы топтарының балаларын Отан туралы әндерін орындауға шақырамыз.
Ән: «Отаным» Ортаңғы топтың балалары орындайды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, әндерін қандай әдемі! Бүгінгі біздің мерекемізге балаларымыз мақал- мәтелдерің дайындап келіпті.
Мақал – мәтелдер.
1.Туған жер- алтын бесік. Айша
2.Туған жерін, әрқашанда көрікті! Амина
3.Ер намысы – ел намысы! Самат
4.Туған жердей жер болмас, Жанару
Туған елдей ел болмас.
Жүргізуші: Біздің ата –бабамыз сонау ерте заманнан ән мен күйді жақсы көрген. Бүгінгі біздің мерекемізде біздің балаларымыз халық әні Илигайды оркестрде орындап бермек. Қошеметпен ортаға шақырайық.
Оркестр: «Илигай» халық әні!
Жүргізуші: Ал, енді біздің батыр ұлдарымыз ортаға шығып, бізге өз күштерінді көрсетіндерші!
Ойын: Итеріспек.
Ойын:Орамал алу
Жүргізуші: Құттықтау әнімен ересек топтарын ортаға шақырамыз.
Ән: «Туған елім Қазақстан» Ересек тобы
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Ана тілім біліп қой
Еркіндігім теңдігім
Ана тілім біліп қой
Мақтанышым елдігім деп, мына тамаша биді қабыл алыңыздар!
Би : Дәстүрлі би /Ортаңғы топ/
Жүргізуші: Балалар, қәне бәріміз сергіту сәтін жасап жіберейік. (Балалар шеңберге тұрады.)
Қол ұстасып тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп.
Бір шаңырақ астында,
Тату- тәтті тұрамыз.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, ал енді, балалар бір шаңырақ астында ойының ойнайық.
Ойын: Бір шаңырақ астында!
Жүргізуші: Балалар, біздің еліміздің бас қаласы қай қала?
Балалар: Астана!
Жүргізуші: (Астана жайлы слайдтар)
Жүргізуші: Балалар, біз тұратын қаланың аты қалай? (Қостанай)
Біздің қаламыз неге бай? (Астыққа)
Нанды кімдер өсіреді? (Диқандар)
Би: Алға Қазақстан
Жүргізуші: Рахмет сендерге кішкентай біздің әнші қыздарымыз талаптарыңа нұр жаусын демекпіз.
Тәуелсіз елдің жарқын болашақ жұлдыздары- сізсіздер!!
Жүргізуші: Жыр арнадым елім тебірене
Үміт артам елімнің ертеңіне
Тәуелсіздік алғалалы 27 - жыл міне
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Жүргізуші: Балалар мереке той құтты болсын еліміз көркейе берсін осымен мерекені аяқтай отырып барлықтарыңызды «Қара –жорға» ұлттық биіне шақырамыз.