Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№61 бөбекжай-бақшасы» МКҚК
https://kst-sad61.edu.kz/kz/rukhani-zha-yru/130-sh-tildi-patshaly-y.html#sigFreeIde9951cbc28
«Үш тілдің патшалығы»
Ересектер тобы арасындағы сайыс
Қостанай, 2019 ж
Мақсаты :
1)Білімділік: өтілген материалды қайталау, бекіту,балалардың білімдерін тексеру. 2)Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
3)Тәрбиелік: туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу. Сайыстың барысы:
Жүргізуші –Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, балалар! «Үш тілдің патшалығы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Әрбір тілде сөйле, әлемді таң қалып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық?! Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!-деп сайыс кезеңдерімен таныс болайық:
1.Таныстыру.
2.Сұрақ-жауап.
- «Кім тапқыр» сайысы.
- Жұмбақты шеш.
- Физминутка
6.Топтық жұмыс.
(Игра со зрителями).
- Капитандар сайысы.
Сайысқа ересек топтарынан 3 топ қатысады:
- «Сұңқарлар» тобы
- « Қырандар» тобы
- «Қарлығаш» тобы
Жүргізуші: Ал, ендеше әділ қазы алқасымен таныстырып өтейін
І кезең: «Өзін-өзі таныстыру», бұл кезеңде әр топ мүшелері өзінің есімдерін қазақша, орысша және ағылшынша айтады.
ІІ кезең: Сұрақ-жауап кезеңі.
1 топ:
- Қазақстанның бас қаласы.
- Наурыз көже неше тағамнан жасалады?
3.Қасық, кесе, шанышқы – нелер?
- Атаңа сен кім боласың?
- «Мысық» сөзі ағылшынша қалай болады?
- 16-шы желтоқсан қандай мереке?
2 топ:
- Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
2.Жылқының төлін атаңдар.
- Құлын,бота, қозы – нелер?
- Анаңның әкесі саған кім болады?
- «Дәрігер» сөзін ағылшынша аудар?
- Кемпірқосақтың неше түсі бар?
3 топ:
- 8 Наурыз қандай мереке?
- Ешкінің төлін атаңдар.
- Қалам,кітап,өшіргіш,сызғыш – нелер?
4.Сенң ағаңның әкесі саған кім болады?
- «Қызыл» сөзі ағылшынша қалай болады?
- Жеңіс күні қашан тойланады?
ІІІ кезең: «Кім тапқыр» сайысы.
1 ұяшық:
Логикалық тапсырма:
Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?
Жауабы: Бала кітапты ашпаған,себебі 2000 тг кітаптың ішінде болған.
2-ұяшық:
Мынау суретте қандай жануар бейнеленген?
Жауабы:Қоян
3-ұяшық:
Логикалық тапсырма.
Үш ешкінің неше мүйізі бар?
Жауабы:6
4-ұяшық:
Логикалық тапсырма.
Үстел беті төртбұрышты.Оның бір бұрышын арамен кесіп тастаса неше бұрыш қалады?
Жауабы:5 бұрыш
5-ұяшық:
Жауабы:саңырауқұлаққа
6-ұяшық:
Мына суретте не қате?
Жауабы:Қыз баланың қолында қолшатыр бар,ал жаңбыр жауып тұрған жоқ.
7- ұяшық:
Мына суретке мұқият қара.
Балаларға 1 минут беріледі.Одан кейін суретті жауып тастап сұрақ қойылады.
Сұрақ:Суретте қандай ағаш бейнеленген?
Жауабы:Алма ағашы.
8 ұяшық:
Мына суретке мұқият қара.
Балаларға 1 минут беріледі.Одан кейін суретті жауып тастап сұрақ қойылады.
Сұрақ:Суретте неше бала өзеннің ішінде шомылып жатыр?
Жауабы: суретте 3 бала өзенде шомылып жатыр.
9-ұяшық:
Артығын тап:
Суретте не бейнеленген?
Жауабы:Суретте алма бейнеленген.
ҮI кезең Жұмбақтарды шеш.
Жауабын орысша, ағылшынша айту.
1.Қаймықпайды күштi аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Пiл-слон- elephant)
2. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн-солнце-sun)
3. Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды. (Қыс-зима –winter)
- Зверь я горбатый
А нравлюсь ребятам. ( верблюд-түйе-camel)
5. Голодная- мычит,
Сытая- жует,..
Всем ребятам
Молоко дает. (корова-сиыр-cow)
6. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.(кітап-книга-book)
Ү. Физминутка
Ү. Топтық жұмыс
Работа по картинкам
ҮІ кезең: Капитандар сайысы
1-балық:
10-ға дейін сана
2-балық:
Түстарді ата
3-балық:
Өзіңді таныстыр:Менің атым ....,Мен ....жастамын.
4-балық:
Жыл мезгілдерін үш тіілде айтып бер.
5- балық:
Мына жануарлардың атауын үш тілде атап бер.
6-балық:
Үш тілде өзіңнің кез келген білетін тақпақтарыңды айтып бер.
Задания с рыбками
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Ал, балалар әділ қазы алқалары қорытынды бағасын шығарғанша барлығымыз бірге өзіміз білетін ән айтайықшы. Тілім менің өмірдегі тілегім, Тілім менен тарихымды білемін Сан ғасырлар қалыптасқан тілімді, Қадірлеп те,қастерлеп те жүремін, — деп бүгінгі сайысымыздың қорытынды бағасын айтуға әділ қазы алқаларына сөз береміз.Ал, балалар жеңістерің құтты болсын, осымен сайысымызды аяқтаймыз. Биік белестерден көріне беріңіздер. Қош сау болыңыздар
Көрсеткіштер жүйесі.
|
1. «Сұңқарлар» тобы
|
2. «Қырандар» тобы
|
3. «Қарлығаш» тобы
|
1.Таныстыру кезеңі. /5 ұпай жүйе/ |
|
|
|
2.Сұрақ-жауап кезеңі. \Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.\ |
|
|
|
3. «Кім тапқыр» сайысы. \ Әр дұрыс жауапқа ұпай\
|
|
|
|
4. Жұмбақты шеш кезеңі. \ Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.\
|
|
|
|
5.Топтық жұмыс. /5 ұпайлық жүйе/ |
|
|
|
6.Капитандар сайысы. \Әр дұрыс жауапқа 1ұпай\ |
|
|
|
Барлық ұпайлар саны. |
|
|
|