Қостанай қаласы әкімдігінің

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№61 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК

 

 

 «Өрт сөндірушілер мектебі» 

  

Нұсқаушылар: Байдаулетов С.А

Нурбаева Б.Е.

 

2018-2019 оқу жылы

Мақсаты:

1.Балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру.

2.Өрт сөндірушілердің телефон номерін естеріңде сақтату.

Қимыл-қозғалыс белсендігін және ойлау қабілетін дамыту.

3.Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: жұмсақ модульдер, қоныраулар  гимнастикалық орындықтар, шеңберлер, туннельдер, ойыншықтар,конустар, құм салынған қапшықтар.

Өткізілетін орын: музыка залы.

Барысы:

 Марш әуенмен балалар залға кіреді. Жүргізуші: Сәлеметсіздерме балалар. Бүгін «Өрт сөндіруші мектебі» атты сайысымызды өткізгелі отырмыз.  Сіздер нағыз өрт сөндірушілер сияқты мықты, күшті батыл боласындар. Сендерді

Өрт инспекторымен таныстырғым келеді.

  Инспектор кіреді. Сәлеметсіздерме балалар! Балалар амандасады.

Бүгін балалар біз өрт қауіпсіздігі туралы әнгіме жүргеміз. Сендер бұл туралы білесіндер ме? Балалар «ие» немемесе «жоқ» деп жауап береді

      Инспектор: мысалы,  балаларға сіріңкемен ойнауға болама?  Балалар «ие» немемесе «жоқ» деп жауап береді. Әрине болмайды! Сіріңкенен шыққан  кішкентай ұшқыннан үлкен жалын шығу мүмкін. Залға «Жалын» жүгіріп келеді.

Жалын: мен өз атымды естігесін   бірден жүгіріп келдім. О, мында менің таныстарым отыр екен!!! Салем балалар!

Инспектор: сен не , біздің балаларымызды танисынба?

Жалын: Мен бе? Мен оларды бәрін білемін! Біз олармен күнде ойнаймыз. Инспектор: НЕ?! Балалар, сендер шынымен де жалынмен, сірінкемен күнде ойнайсындар ма? Балалар айқайлайды: жоқ.

Жалын: ойнайды, ойнайды. Олар қалжындап отыр. Біз олармен сооондай ойындарды ойнаймыз. Біз от жағамыз, құраған жапырақтарды, қағаздан ұшақтарды жасап оларды өртеп ұшырамыз.

Инспектор: балалар, бұл шың ба? Балалар айтады: Жоқ!

Инспектор: ай Жалын, қандай сен өтірікшісін. Бідің балаларымызға  босқа жала жаптын ғой. Ал сен өзін, жалын өте қауіпті екенін білесінбе. Сенің кесірінен өрт шығады.

Жалын: Мен әдей жасамаймын ғой. Мен жайғана жалынмын, ал мені шығаратын адамдардын өздері. Шығарған отты сөндермей кетеді де, содан үлкен өрт шығады.

Инспектор: Бұнын рас. Біздің мерекемізге келген екенсін, бізбен бірге қал, біз бүгін өрт қауіпсіздігі туралы әнгімелейміз. Ол туралы не білесін?

Жалын: мен бе? Мен аз білемін. Бірақ балалар қаіпсіздік туралы маған айтып, көрсетіп береді деп ойлаймын.

Инспектор: әрине көрсетіп береді. Солай ма балалар? Балалар айтады: ие! Инспектор: мен жұмбақтарды  жасырамын ал сендер дұрыс жауабын табындар.  Бірақ алдымен жауаптарын Жалын айтсын, егерде жауабын таба алмаса, балалар көмектеседі. Бастайық:

 Түсi нарттай,

Тiлiн тартпай.

Жолға шықса,

Қоймайды құртпай.   (От)

Ал, Жалын бұл не? Білмейсін бе? Бұл сенің бауырын..

Жалын иықтарын көтеріп балаларға бұрылып жауабын табұды сұрайды. Инспектор: балалар қандай ақылды. Келесі жұмбақ:

 Елу тентек тып-тыныш,

Бір сарайда жатады.

Тысқа шықса біреуі,

Жарқ етіп от шашады.( Сіріңке).

Инспектор: Жалын, бұны білмеу үят қой. Балалар көмектесіндер. Балалар жауабын айтады.

 Инспектор :балалар тығы да жауабын дұрыс тапты. Ал, сен Жалын осындай жеңіл сұраққа жауап бере алмадын.

 Инспектор: ие, Жалын сен өрт қауіпсіздігі туралы түкте білмейсін ғой.  Жалын: ие бұрын бұл мені қызықтырмады ,ал енді қызығып кеттім. Тағы да жұмбақ жасырындар жауабын тез тауып аламын.

 Инспектор:  жақсы , тағы біреу. Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

 Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім,

Жасқанбайтын батыр кім? (өрт сөндіруші)

Инспектор: не, Жалын тағыда жауабын табалмадын ба?

 Жалын: жоқ, білмеймін. Балалар көмектесіндерші маған. Балалар жауап береді.

Инспектор : балалар ,сендер дұрыс жауап бердіндер. Ал саған Жалын  осындай жеңіл жұмбақтарға жауап таба алмай отырғанына  ұят болу керек. Жалын: маған ұят әрине, бірақ енді мен бәрін білемін. Енді мен осы жұмбақтардың жауаптарын таба аламын.

 Инспектор:Жоқ біз енді  жұмбақтарды жасырмаймыз. Біз енді ойын ойнаймыз. Айтшы маған Жалын, өртті немен сөндіреді? білесін бе?
Жалын: мен бе? Әрине білемін. Қазір айтамын.

Инспектор: айтпай тоқтай тұр. Былай істейік: өрт сөндіретін затты  екеуіміз кезекпен айтамыз . Егер осы зат   шыңымен де өртті сөндіретін болса, сонда балалар қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды. Ал дұрыс болмаса,  балалар аяқтармен топылдатады.   Жақсы ма?

Жалын: жақсы , солай болсын. Бірақ мен бірінші бастаймын .

Инспектор: бастайғой.

Жалын: қағаз. Балалар аяқтармен топылдатады

 Инспектор: су. Болалар қолдарын көтеріп шапалақтайды.

Жалын: әженің бәліштері Балалар аяқтармен топылдатады.

Инспектор: құм. Балалар қолдарын көтеріп шапалақтайды.

Жалын : құймақ . Балалар аяқтармен топылдатады.

Инспектор: топырақ: балалар шапалақтайды 

Инспектор: көрдінбе Жалын сенің айтқандарын бәріде өрт сөндіруге жарамайды. Сен соны түсіндінбе?

Жалын : ие , түсіндім.

Инспектор: өртті немен сөндіруге болады? Қағазбен, бәліштермен?

Жалын: жоқ, өртті сумен, құммен, топырақпен сөндіруге болады. Инспектор: Жалын өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін енді түсіндін ғой. Бұны бекіту үшін балалар саған тақпақ айтып береді.

1Бала: От жақпа, күйерсің,

Өртеніп жүрерсің.

Сіріңкені үстасаң,

Бәлеге сен түсерсің.

2 Бала: Балалар - ау, балалар, сіріңкеге қараңдар!
Өзі кішкентай болса да,
Бойында алып күші бар.
Сіріңкемен ойнасақ,
Абайсызда өрт шығар,
Соны есте сақтаңдар!
Жалын : жақсы тақпақтар. Бірақ оларда сіріңкемен ойнамандар деп айтыла береді. Сонда мен не істеймін , менің да балалар сияқты ойнағым келеді. Инспектор: жоқ,Жалын, сенмен ойнау өте қауіпті. Сен өзін бәрін білесін. Біз бәрі бір сені жақсы көреміз. Сен бізге көмктесесін ғой.

Жалын: ол қалай?

Инспектор: сен бізге от бересін тамақ пісіретін, үйлерімізді жылытасын. Жалын: Мәссаған! Мен осыны білмедім де. Жалын да пайдалы  болады екен.  Демек, мен адамдарға тек қана қиындықтарды әкеліп қана қоймай, көмектесемін.

Инспектор: ал балалар  енді біз сайыс өткіземіз. Сендер өз батылдығын, мықтылығын, ептілігін және де әріне достықтарынызды  көрсетіп, «Жас өрт сөндірушілер» қатарына қосылуға дайын екендігіңізді дәлелдисіңдер.

 Командаларды қошеметтейік: ересектер тобы «Айналайын», «Салтанат», «Қызғалдақ»

Әділқазы алқасымен таныстыру

 Инспектор: біздің  жарыстарымыз ашық деп жариялаймыз!

 Командалар өздерін таныстырады;

«Барыс» тобының ұраны:

 Барыс тобы алға,

Биікке самға

Ешқашан қалма,

 Әрқашан алға

«Жалын» тобының ұраны:

Көк бөредей жүректі қайраттымыз

Жігерлі де білімді айбаттымыз

«Құтқарушылар» тобының ұраны: «

Біз - мықтымыз!

Біз –ептіміз!

Достығымыз тым ыстық

Құтқарамыз оттан біз

Мақсатымыз тыныштық!

1-жарыс:  «Өрт сөндірушілерді шақыр»

Ойынның шарты: Жүгіріп келіп өрт сөндіруші мекеменің номерін теріп  «Өрт шықты» деп айту керек. Келесі бала ары қарай жалғастырады.

2-жарыс.  «Қайсарлы өрт сөндірушілер»

Кедергілерден, тунельден өтіп , орындықта ілулі тұрған қоңырауды қатты соғу.

3-жарыс.  «Өртті сумен сөндіру»

Гимнастикалық орындықтың үстінен жүгіріп өту, шелектегі сумен (кішкентай көк шарлар) өртті сөндіру.

4-жарыс: «Өртті құммен сөндіру»

Доғаның астынан еңбектеп өтіп, гимнастикалық орындықтың үстінен жүгіріп барып, кішкентай күрекпен құм алып (құм салынған қапшықтар) өртті сөндіру

 

5-жарыс: «Аңдарды өрттен құтқару»

Ағаштардың арасымен жүгіріп барып, бір –бірден аңдарды құтқару

Инспектор; жарайсындар балалар жақсы ойнадындар. Әділқазылар алқасы жалпы ұпай нәтижесін есептеп шығарғанша  бейнероликке назар аударындар.

Балаларды марапаттау, мақтау қағаздарын табыстау