Ортаңғы «Жұлдыз» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 8.11.2019 ж
Тәрбиеші: Казиева Э.К.
«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»
Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат»
Тақырыбы: «Тазалықтың достары»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды таза, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сүлгі, сабын, тарақ, айна сөздерін қатыстырып, екі- үш сөзден тұратын сөйлем құрастырып айтуға дағдыландыру, сөздік қорларын дамыту.
Оқыту: Балаларды тазалық бұйымдарымен таныстыру. Үнемі таза жүруге үйрету
Педагогикалық технологиялар : АКТ, денсаулық сақтау технологиясы. Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, кеспе карточкалар, ойыншық-мысық.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалар мынау ненің дауысы (мысықтың дауысы). Оны қайдан білдіңдер? Мысық қандай табиғатқа жатады? Мысық тірі табиғатқа жатады. Қонаққа мысық келеді. Ол өзімен бірге қорапша әкеліпті.Бұл қорапша жұмбақ арқылы ашылады.
Дымқылдап күнде сен
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір,ласың
Тап-таза боласың.(Сабын, мыло)
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Суртеді дененді.
Бұл не?(Сүлгі, полотенце)
Мынадай бір асыл бар,
Басы жоқ,шашы бар.
Болса ондай бұйымың,
Ластанбайды тісің.(тіс щеткасы, зубная щетка)
Қарасаң ол да қарайды,
Шашыңды бірге тарайды.(айна, зеркало)
Аузы бар,көзі жоқ,
Тілі бар,сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар.(тарақ, расческа)
Ал балалар бұл заттарды бір сөзбен қалай атаймыз? гигиеналық құралдары
Балалар мысыққа керек құрал бар ма?
Мысық немен жуынады?
Олай болса балалар мен сендерге Султан Қалиұлының «Үлгі» өлеңін оқып берейін. Мұқият тыңдаңдар.
-Кім жек көрер пысықты,
«Ылғи бетін жуады»,-
Деп, тәтеміз мысықты
Бізге үлгі қылады.
Сонымен мысық қалай жуынады екен?
- Балалар, мысық ылғи бетiн жуады, тазалықты сақтайды. Мысық табанымен жуынады. (Видео мысық туралы)
Ал, сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?
- Сендер қай кезде жуынасындар?
-Немен жуынасыңдар?
- Сосын немен сүртiнесiңдер?
- Тiстерiңдi тазартасындар ма?
- Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма?
- Таза болғыларын келедiме?
- Дұрыc, таза болуымыз, тазалыкты сүюiмiз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз.
Д/о: «Аралас суреттер»
Сергіту сәті:
Таңертең тұрамыз,
Бетiміздi жуамыз,
Тiсiміздi тазалаймыз,
Шашымызды тараймыз,
Тап-таза боламыз.
Артикуляциялық жаттығу «Тісті тазалау» (Тілдің ұшымен оңға, солға қозғалтып тістердің ішкі жағынан үстіңгі тістерді тазалаймыз)
-Айна не үшін керек? Айнаға қарап біз киімімізді ұқыпты киеміз.
-Ал,тарақ ше? Тарақпен біз шашымызды тарап ұқыпты жүреміз.
Ойын: «Не артық?»
Бұын ұйқас
Су-су-су қандай мөлдір су
Іс-іс-іс менде аппақ тіс.
Ой балалар сендер бұынға ұйқас, артикуляциялық жаттығулар білесіндер екен және гигиеналық құралдар ажыратуды білесіндер екен.Мен риза болдым. Сондықтан мен сендерге сыйлық әкелдім. Сау болындар.
Қорытынды:
-Балалар,бізге бүгін қонаққа не келді?
-Тазалықтың достарына қандай құралдар жатады екен?
Осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды.
https://kst-sad61.edu.kz/kz/rukhani-zha-yru/120-tazaly-tyn-dostary.html#sigFreeIda7394ee1bf