Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№61 бөбекжай-бақшасы»МКҚК
«Ұлы даланың ұлылары»
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған
тәрбие сағаты
Қостанай, 2019ж
Тақырыбы: «Ұлы даланың ұлылары» Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған тәрбие сағаты
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Дамытушылық: Балаларды өзіндік бағытта қалыптасуына бағыттау , тұжырымды пікір айтуға баулу.
Тәрбиелік: Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы бала бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.Баланың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.
Көрнекілігі: Буклеттер, Абайға арналған кітап көрмесі, слайд-шоу, деректі фильм.
Әдісі: Сұрақ – жауап, кіріктіру, мәнерлеп оқу.
Ұйымдастыру кезеңі: .ҚР-Гимні орындалады
I.Кіріспе бөлім
Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы- мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді. Келесі жылы Абай атамыздың артына өшпес із, мол ғылыми мұра қалдырған ұлы тұлғаланың туғанына 175 жыл болады
Балалар мәнерлеп тақпақтарын оқиды
Амина
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Таймас
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Жанқуат
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
Ақерке
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Али
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!
Түсінік беру:
- Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.Жастайынан ел басқаруға араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршыларымен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениетімен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен сөйлеуге үйренді. Жас күнінде оқи алмағанын арман етіп кейінгі ұрпаққа:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп өсиет қалдырды.
Абайдың нақыл сөздерін айтамыз
1 бала Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.
2 бала Жүрегімнің түбіне терең бойла.
3 бала Көкірегі - сезімді, көңілі - ойлыға бәрі анық.
4 бала Мал жұтайды, өнер жұтамайды
Абайдың қанатты сөздерін айтамыз
5 бала Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Шығармашылық жұмыс жыл мезгілдеріне байланысты қ өлеңдерімен таныстыру
- Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты қ өлеңдері бар? («Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»). Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
Қорытынды: Бүгін қандай Ұлы тұлғамен таныстыңдар? Абай деген кім екен? Абайдың қандай өлеңдерңн білесіңдер?Абайдың атына байланысты қандай ғимараттар бар екен?
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
ән: «Желсіз түнде жарық ай» тыңдаймыз
https://kst-sad61.edu.kz/kz/rukhani-zha-yru/119-ly-dala-t-l-alary.html#sigFreeIdb0f8a27032