Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай –дана, Абай-дара қазақта! "

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай –дана, Абай-дара қазақта! "

 

Орындаған:Альмагамбетова .А.Б.

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай –дана, Абай-дара қазақта! "

Тәрбие сағатының мақсаты:

-Ұлы ақынның 175 жылдығына  орай  ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. 
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету

Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар.

Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, музыка

Балалар қанеки осы жерге назар аударайықшы

Бұл кім?.

Негізгі бөлім

- Балалар, бүгінгі  біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі  - Абайды оқығандар, екіншісі – Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер – Абайды оқымағандар»деген екен.

- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?

Балалардың жауабы:

- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен,қарасөздерімен танысып жатырмыз.

- Біз кішкентай кезімізден бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеміз.

- Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абайдың аты мен Абайдың сөзі әрдайым халықтың  аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ар- ұжданы болып қала береді.

Тәрбиеші: Міне ,бүгін осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

 Қима қағаздар алып топқа бөлінеді.Талап, Өнер, Білім топтары

  1-топ: Талаптылар (топтың атын қорғау)

 Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызамыз.

2-топ:  Өнерлілер

Біз, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз. Саяхат болғанда да Абайдың  өлеңдеріне,әндеріне саяхат жасаймыз.

3- топ: Білімділер

Біздің топ  Абайдың әлеміне, Абайдың  кемел ойларына саяхаттайды.

Тәрбиеші:

Біреулерге болғанменен айдала,
Басын иіп тәу етеді бар дана.
Ұлы Абайды дүниеге әкелген,
Құдіретіңнен айналайын, сардала- дегендей, дана,дара Абайдың туған жері туралы не білесіңдер?

1-бала:- Ұлы ақын 1845 жылы 10 тамызда – табиғаты тамаша Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткен.

2-бала. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.

3-бала. Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.

4-бала. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасындаСемейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.

5-бала. Абай – ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған адам.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай ата.

6-бала. 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.

Тәрбиеші: Біз абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз,өмірімен таныстық

(2-топ)Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. Сонымен Абай аталарыңның қандай өлеңдерін білесіңдер?

1- бала:«Құлақтан кіріп бойды алар» 
2- бала:«- «Ғылым таппай мақтанба»

3- бала:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»

4-бала: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

5- бала:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»

6-бала: «Әсемпаз болма әрнеге»

7-бала: «Балалық өлді, білдің бе?»

8-бала: « Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»
Мен ,жазушы,ақын Абай  атамның «Ғылым таппай,мақтанба» өлеңін оқып берсем деймін.

Мәнерлеп бір өлең оқиды.

Тәрбиеші: Балалар, Абай Құнанбаевті сонымен қатар аудармашы деп те айтамыз.Аудармашылығы туралы не айтасыздар?

(1-топ)7-бала. Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай ауылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған.

8-бала. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.

9-бала: Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар.

 ІІІ топ:

1- бала:Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына.

2-бала:  Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. 
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.

3-бала: -Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз.

1-бала:- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған.

2- оқушыӨзі де бірнеше ән шығарған. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем,Қаламқас»,  «Сегіз аяқ»

Яғни ,Абай –сазгер.

3-бала:- Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй демекші,

Енді Абайдың атамыздың "Көзімнің қарасы" әнін  орындауға шақырамын.

Түйіндеу. Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсам:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

Қасиетті қара сөздерінен ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық.

Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар беруші, ақыл қосушы.

 «Әлемнің Абайы» өлеңі

1-тәрбиеші: Абай біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,

2-тәрбиеші: Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.

1-тәрбиеші: Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!

2-тәрбиеші:Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы

1-тәрбиеші:.Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,
2-тәрбиеші:.Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,

1-тәрбиеші: Ақылменен дана болған

Бірге: Бүкіл елдің Абайы

 Қорытынды:

Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.

 Сондықтан, балалар, Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген тілекпен,

біз Абай атаны жадымызда ұстайық