Мастер класстын мақсаты: Ата - ана мен балалардың арасындағы қарым – қатынасты бірлескен іс –әрекет арқылы нығайту. Баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тындау, ойлау қабылетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату
Қажетті құрал-жабдықтар: айналар, мақта таяқшалары, артикуляциялық жаттығуларды суреттері.
Кеңестің барысы:
- Биоэнергопластика әдісі тұралы ата – аналарға түісіндіру.
- Артикуляциялық жаттығуларды қол қимылымен бірге ата – аналарға жасату.
Биоэнергопластика – бұл артикуляциялық аппарат пен қол білегінің қимылының бірігуі.
Биоэнергопластикамен жұмыс кезеңдері:
- Диагностикалық (Ол кемістік құрылымын, оның клиникалық көріністерін және түзету жолдарын анықтайды. Диагностика уақытында балалар неврологиялық ерекшеліктердің қатарын көрсетті.
- Бұл мәселелермен айналысуға биоэнергопластиканың ойындары мен жаттығулар кешені көмектесті.)
- Дайындық (Оның басты міндеті баламен сенімдік қатынастарды орнату, жағымды эмоционалды қатынастар құру, сабаққа деген қызығушылығын ояту болып табылады)
- Негізгі (Бұл кезеңде жаттығуларды ұсынудың өз ерекшеліктері болады)
Биоэнергопластикамен жұмыстың ерекшеліктері
- Стандартты әдістеме бойынша артикуляциялық жаттығулармен таныстыру. Оны айна алдында жасау. Қол жаттығуға қатыстырылмайды. Жаттығуды көрсетіп отырған педагог бір қолмен көрсетеді.
- Артикуляциялық жаттығуға бастауыш қол қосылады.
- Қол білегінің қимылдары ашық, ырғақты болуы керек.
- Біртіндеп екінші қол қосылады. Осындай жолмен, бала артикуляциялық жаттығуларды орындайды немесе біруақытта жасалатын қимылдармен артикуляциялық аппараттың қимылдарын келтіретін екі қолдың да қалпын ұстайды.
- Баланың мұндай жаттығуларға қызығушылығын арттыру үшін ойын персонаждар кірістіріледі (мысалы, «Сиқырлы қолғаптар», «Микки», санамақтар, музыка, тақпақтар).
View the embedded image gallery online at:
https://kst-sad61.edu.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasauda-y-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe/237-balalardy-zhalpy-til-kemistigin-t-zetu-barysynda-bioenergoplastika-disin-oldanu-atty-ata-analar-a-arnal-an-master-klassy.html#sigFreeIdc7d3916811
https://kst-sad61.edu.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasauda-y-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe/237-balalardy-zhalpy-til-kemistigin-t-zetu-barysynda-bioenergoplastika-disin-oldanu-atty-ata-analar-a-arnal-an-master-klassy.html#sigFreeIdc7d3916811