«Қостанай қаласы әкімдігінің

Қостанай облысы  әкімдігінің білім бөлімінің

№ 61 бөбекжай-бақшасы» МКҚК

ТРЕНИНГ

«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНА РОЛІ»

(ата-аналарға  арналған)

Жантанушы: Дусмагамбетова К.М.

2020-2021 оқу жылы

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНА РОЛІ

Тренинг мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың тәрбиешілерімен, балабақшамен тығыз байланысын арттыру, балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету, бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету. 

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті  шарлар, жер жаңғағы,үлестірмелі сауалнама А-4форматта .

Әдістер: сұрақ-жауап, пікір алмасу, психологиялық жаттығулар.

Тренинг барысы:

  1. «Сөйлемді жалғастыр» сәлемдесу жаттығуы.
  2. «Тентек шар» жаттығуы.
  3. «Жер жаңғағы» жаттығуы
  4. «Мен және менің балам» сергіту жаттығуы
  5. «Балаңызды түсіне білесіз бе?» тест
  6. «Ашық айтсам» анекетасы.
  7. Қорытынды.

Психолог сөзі: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі-баланың жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, алдағы өмірлерінде оқудағы табыстары.  Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші,ұстаздар болса, оны жалғастырушы, демеуші-ата-ана.

  1. «Сөйлемді жалғастыр» сәлемдесу жаттығуы

Педагог-психолог тренинг қатысушыларына апельсинді бір-біріне бере отырып, «Сәлем, бүгін тамаша күн, себебі...» сөйлемін жалғастыруды ұсынады.

  1. «Тентек шар»-жаттығу.

- Келесі ойын «Тентек шар» деп аталады. Ол үшін Сіздер тығыз шеңбер құрып, шарды ауада көбірек уақыт бойы қалқытып ұстауларың қажет. Түрлі әдістерді қолдануға болады – үрлеу, баспен тигізу, аяқпен тебу, бірақ ең бастысы – қолмен тигізбеу. Бұл ойын Сіздер мен біздер біздің ортақ мәселемізді, яғни «балаға дұрыс тәрбие беру» мәселесін қалай бірлесіп шешетіндігімізге бағытталған.

 - Ойын барысында қандай сезімде болдыңыздар? Шарды ауада ұстап тұру қиын болды ма?

Ата-аналар қалауы бойынша өз әсерлерін айтады.

«Жер жаңғағы»  жаттығуы.

Қазір сіздердің алдарыңызға жер жаңғақтары шашылады. Сіздер әрқайсыларыңыз бір жаңғақ алуларыңыз керек. Өз жаңғағыңызды зерттеуге 1 минут уақыт беріледі. Әркім өз жаңғағының пішініне, көлеміне, суретеріне, сызықтарына көңіл аударып, оны есте сақтау қажет.

Енді мен шеңбер бойымен жүріп, барлықтарыңның жаңғақтарыңызды жинап аламын да, араластырып, қайтадан ортаға шашамын. Өз жаңғағыңызды табыңыздар.

Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздерші:

  • Өз жаңғағыңызды қандай принцип бойынша таптыңыз? (түсі, пішіні, көлемі, ақаулары және т.б.)
  • Өз жаңғағыңызды тауып алу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолдандыңыз? (жаңғақ белгілерін есте сақтадым немесе барлығы өздерінің жаңғақтарын тауып алғанын күттім)

Бір қарағанда барлық жаңғақтар ұқсас, бірдей секілді болып көрінеді екен. Алайда дұрыстап қарасаң – бірдей жаңғақ жоқ, барлығы алуан түрлі және индивидуалды. Адамдар да солай, соның ішінде балалар: өте әртүрлі, әркімнің өзіне ғана тән қайталанбас қасиеттері бар. Оларды тек қана сезініп, түсіну қажет. Біздің әрқайсымыз өз ұстанымдарымызды, мінез-құлық ерекшелігімізді  таңдаймыз. Оны өмірінің барлық салаларында қолданады (отбасы, жұмыс, қоғамдағы қатынастары, бала тәрбиелеу). Мысалы: Жетекшілік  мінезділер– сіздердің араларыңыздан өз жаңғағын іздестіруде барша белсенділік танытқандар, яғни тапсырманы бірінші болып орындауға кіріскендер. Сірә, олар өмір жолынан тапжылмай жүріп, бала тәрбиесінде де белсенділік танытатын шығар. «Пассивті мінез-құлық» – бұл адамдар тобына барлығы өз жаңғақтарын тауып, өзінікі ғана қалғанын күткен ата-аналар жатуы мүмкін. Мұндай адамдар көбіне әрекетсіз, жұмысында инициативті емес, тәрбиелеуде де белсенділік танытпайды.

Балалар өз ата-аналарының мінез-құлқына еліктейтіні ғылыми дәлелденген. Яғни ата-ананың қолданымын да өз бойына сіңіреді деген сөз. Басқаша айтқанда, егер сізге жетекшілік қасиет тән болса, онда сіздің балаңыз да соны ұстанады.

«Мен және менің балам» сергіту жаттығу:

1.Тәрбиешінің толық аты-жөні.

2.Балаңыздың досының есімі кім?

  1. Балаңыздың сүйікті асы қандай ?
  2. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
  3. Балаңызбен бірге қандай ойындар ойнайсыз?
  4. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
  5. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.

«Балаңызды түсіне білесіз бе?» тест

  1. Балаңыздың ісіне болмашы ісіне қатты ашуланып,артынан өкінесіз бе? иә-0; білмеймін-5 ; жоқ-10
  2. Кей кезде балаларыныздың оғаш қылығына не істерінді білмей, туыстарыңыздан ақыл сұрайсыз ба?иә-10; білмеймін-5; жоқ-0
  3. Сіздің тәжірибеңіз бен түйсігіңіз болса тәрбиеленудің ең жақсы ақылшы. иә-0; білмеймін-5;  жоқ-0.
  4. Кейде ересек адамдарға айтпаған сырыңызды балаңызға ақтара аласыз ба? иә-10, білмеймін-5; жоқ-0.
  5. Сіздің балаңыз туралы өзгелердің жайсыз пікіріне ашуланасыз ба? иә-10; білмеймін-5; жоқ-10
  6. Сіз өзіңіздің балаңыздың көзінше жасаған ыңғайсыз сөзіңіз немесе қылығыңызға кешірім өтіңесіз бе? иә-10; білмеймін-5; жоқ-0.
  7. Балаңыздың сізден құпиясы болмауы керек деп ойлайсыз ба? иә-10; білмеймін-5; жоқ-0.
  8. Балаңыздың бойынан сіз де жоқ ерекше қасиет көрсеңіз қуанасыз ба? иә-10;  білмеймін-5; жоқ-0
  9. Балаңыздың сәтсіздігіне қатты қиналасыз ба? иә-0; білмеймін-5; жоқ-0
  10. Артық ақшаңыз болған жағдайда балаңызда бұл заттың бар екенің біле тұра сатып аласыз ба? иә-10; білмеймін-5; жоқ-0.
  11. Баланы тәрбиелеу үшін ең бастысы-жазалау деп ойлайсыз ба? иә- 10; білмеймін-5; жоқ-0
  12. Сіздің балаңыз ойыңыздағыдай ма?иә-10; білмеймін-5; жоқ-0
  13. Балаңыз қуаныштан гөрі уайым әкеледі? иә-0; білмеймін-5; жоқ-10
  14. Кейде балаңыз сізден ақылды көрінеді, сіз білмейтіндерді үйретеді? иә-10; білмеймін-5;  жоқ-0.
  15. Балаңызбен жиі ұрсып қаласыз ба? иә-0; білмеймін- 5; жоқ-10.

Жауабы: 100-150 ұпайға дейін. Өз балаңызды жақсы түсінуге тырысасыз. Көзқарасыңыз бен ойлау қабілетіңіз- тәрбие мәселесінде көп нәрседен көмектеседі. Сіз балаларға үлгі боларлықтай жансыз.

50-95 ұпай. Бала тәрбиелеудің оң жолында келесіз.Оның проблемаларын бірлесіп отырып шешесіз. Балаңызға тікелей ықпал етесіз. Сондықтан да, дұрыс  болғанымыз жөн. Түсіну- қабылдау емес, бұны тек балалармен емес, жеке басыңызда да қолданғанымыз жөн.

  • 0-45 ұпай. Сіздің балаңызды тек аяуға болады.Өйткені, ол сізден жақсы дос таппады. Өмірдің қиын кезендерінде ата- ананың оны түсініп көмектесе алмайтынына өкінеді. Бірақ, әлі де кеш емес. Балаңызға шын мәнінде көмектескіңіз келсе, қарым-қатынас жасаңыз.

«Ашығын айтсам»  сауалнама.

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.

Тренинг жүргізілген күні----------

Менің тренинг барысында  түйгенім-------

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады-----

Маған ұнамағаны------------

Ең жақсы ұнағаны-----------

Келесі тренингіңізде мен келесі жайттарды білгім келеді -------------

Психологқа  ұсыныс----------

Аты-жөніңіз---------------------

- Бүгінгі кездесуімізді қорытындылайтын уақыт келді. Қалауларыңыз бойынша өз пікірлеріңізді айтыңыз... Бүгін қандай мағлұмат алдыңыз? Сіз үшін бұл пайдалы болды ма? Тағы да не білгілеріңіз келеді? Балабақша жұмысына қанағаттанасыз ба? Біз үшін қандай ұсыныстарыңыз бар?

Талқылау. Қоштасу