Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы 2022-2023 оқу жылына жаңа арналған әдістемелік нұсқаулық хаты мен жаңа өзгерістер бойынша педагогикалық ұжымды таныстырды. Жазғы сауықтыру кезеңіндегі балалармен атқарылған жұмыс нәтижелері туралы тәрбиешілер М.А.Ибраева, А.А.Серікбай есеп берді. Бөбекжай меңгерушісі Г.С.Искакова  2021-2022 жылы аттестаттаудан өткен тәрбиеші Торина Айнұр Аблайканқызына біліктілік санаты туралы куәлік  табыс етіп, ұжымға алдағы оқу жылында мол жетістіктер мен табысты  болуына тілек білдірді.