«Қостанай қаласы білім бөлімінің №61 бөбекжайы» КМҚК
 «Бақылаймыз, ойнаймыз, дамытамыз».
Педагогикалық идеялар зертханасы.  
2021-2022 оқу жылының қараша айында ынтымақтастықты ұйымдастыру жұмысы бойынша   шебер сынып ұйымдастырылды. Шебер сыныптың негізгі мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс тәжірибесін игеру, белсенді педагогикалық қарым – қатынас процесінде шебер – сынып қатысушы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру. 
Ұсынылған шебер – сыныбымыз, «тұтас бала бейнесі» ынталандыру, ерік – жігер қасиеттерін, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тыңдау, ойлау қабілетін қалыптастырады. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге, психолог, логопед мамандар мен ата – аналарға арналды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын байыту, грамматикалық дағдыларын дамыту қызметінің қызықты ойын ретінде өткізу маңызды. Осы ой мен идеяны ескере отырып, біз көп функционалды ойын алаңын жасадық. Бұл алаң балалардың қызығушылығын, ойлау қабілетін, қабылдау үрдісін арттырады. Алаңмен жұмыс істеуге арналған барлық ойындар балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылды, яғни баланың  коммуникативтік қарым - қатынасы, байланыстыра сөйлеуі, зейіні, есі, қайта жаңғыртуына бағытталған ойындар ұсынылып отыр, ол баланың ақыл-ой, психикалық және физикалық даму деңгейіне бағыттайды.
Бөбекжайымызда осы ойын аланың жүйелі қолдану балабақша тәрбиешілерінің оқу-тәрбие үрдісінде жұмыстарын оңтайландыруға көмегі тиді. Сонымен бірге педагогтардың дағдысы мен шығармашылық, танымдық қабілеті жетілді. Тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуын саралау үшін осы әдісті, әрі көрнекілікті әс-тәжірбиеге енгіздік және оның  нәтиже  беретініне сенімдіміз.

 

Жарияланған күні 18.11.2021