«Ең үздік экологиялық бұрыш»
2023 - 2024 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес және дамытушы пәндік - кеңістік ортаны толықтыру мақсатында "№ 61 бөбекжайы" КМҚК- ның «Ең үздік экологиялық бұрыш» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа бөбекжайішілік 13 жас ерекшелік топтары қатысты. Сайысты өткізу мерзімі мен тәртібіне сай 2023 жылдың 06.11 - 23 .11. аралығында экологиялық бұрыштар әзірленіп, топтардағы ғылыми – зерттеу орталықтары критерийлер негізінде толықтырылды. Топтардағы ғылыми – зерттеу іс-әрекеттің бұрыштарын бағалау әзірленген критерийлер негізінде жүзеге асырылады: -жас ерекшелік топтарға сай өсімдіктердің түрлері және паспорты; - өсімдіктерді күтуге арналған құралдардың болуы (қопсыту, жуу, суару үшін), арнайы құралдардың болуы.табиғат бұрышында жұмыс істеуге арналған киім; - өсімдіктердің орналасуы оларға күтім жасаудың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі тұрғысынан; - маусым бойынша уақытша объектілердің болуы ( терезе алдындағы өсімдік: пияз, аскөк, сарымсақ және т. б.); - шағын зертхананың болуы және жабдықтары, Балалар экспериментіне, еңбекке,табиғи материалдан қолөнер жасауға арналған материалдар, құм мен сумен ойнауға жағдай жасау; - табиғаттану әдебиетінің, альбомдарының болуы; - жыл мезгілдірі альбомдары; - ата-аналармен экологиялық тәрбие мәселесі бойынша жұмыс (кеңестер, ұсыным, табиғи материалдан жасалған қолөнер және т. б.); -кіші топтарда маусымдық өзгеріске сай киінген қуыршақ (жыл мезгіліне сай қуыршақты киіндір) - дидактикалық ойындар және картотекалары (дидактикалық материалдың) болуы және жас ерекшеліктеріне сәйкестігі, оның ішінде инновациялық сипаттағы материалдың болуы; -табиғи материалдар, тұқым, миниралды тастар, муляждар; -құстар, жануарлар, жәндіктер муляждары мен суреттері: -балалардың жасына сәйкес табиғат күнтізбесінің болуы, табиғат құбылыстарын бақылау журналдары, топтарда жүргізілетін тәжірибелерді тіркеу журналдарын жүргізу; - серуен кезінде шығарылатын ойыншықтар; -энциклопедиялық кітап, көркем әдебиеттің болуы (халық болжамдары, мақал – мәтел, тақпақ, әңгімелер) - табиғат бұрышының дизайнының эстетикасы, дизайнның өзіндік ерекшелігі, ерекше композициялық шешім. Сайысының қазылар алқасының құрамымен тексеріліп, № 2 педагогикалық кеңесінде қорытындысы шығарылды. Сайыс қорытындысының бағалау критерийлеріне сай келген топтар жеңімпаз атанды. Бас жүлде «Құлыншақ» мектепалды тобы; І орынды «Қошақан» мектепалды тобы; ІІ орынды «Көбелек» және «Тамшы» ортаңғы топтары; ІІІ орынды «Балапан» ортаңғы тобы, «Раушан» кіші тобы, «Қарлығаш» ересек тобы иеленді. Сонымен қатар келесі топтар "Эко - болашақ", "Эко ойын түрлілігі", "Эко - бастама", "Ғылым - болашаққа жол" номинациялары бойынша марапатталды.
https://kst-sad61.edu.kz/kz/baj-aular/264-e-zdik-ekologiyaly-b-rysh.html#sigFreeId06f099a923