«№ 61 бөбекжай –бақшасының  жылдық жоспарына сай «Ең  үздік жаңа жылдық  безендіру» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс ережесіне  сай әр жас ерекшелік топтар жаңа жылдық мерекеге  безендіріліп, топ бөлмелері түрлі-түсті шамдармен жарқырап, өзгеріске енді. Байқаудың барлық қатысушылары топтарын  жаңа жылға арналған қолөнер шығармалары мен, ертегі кейіпкерлерімен, жаңа жылдық шамдармен, безендірді.. Әр педагог  топтың, бөлменің  дизайнына және байқау ережелеріне  өте жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарады. Кейбір топтарда ертегі атмосферасы орнады, тәрбиешілер белгілі бір стильді таңдап, балалардың сүйікті ертегілерінің сюжеттерін өмірге әкелді. Жаңадан келіп жеткен жыл символы әр топтың төрінен орын тапты. Сайыс ережелерінің критерилеріне сай топ бөлмелері бағаланды және марапатталды.
Бас жүлде «Салтанат» мектепалды даярлық тобы; Ересек «Қошақан» тобы І орын;  Ересек «Ақбота», «Құлыншақ» топтары ІІ орын; Ортаңғы «Раушан», «Жидек» топтары және кіші «Тамшы» тобы,  ал мамандар арасында «Ең  үздік жаңа жылдық  безендіру» сайысының жүлдегері Тяжина Шолпан логопед мұғалімі иеленді.

Жарияланған күні 28.12.2020