Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурстың басталу күні: 08 тамыз 2022 жыл
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 61 бөбекжайы" КМҚК: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Павлов көшесі, 43 үй тәрбиешінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту тәрбиешісі (қазақ тілінде оқытатын топқа 4 бірлік)
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білім;
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін;
Психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар, санитариялық қағидалар;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
Лауазымдық жалақысы штат кестесіне сәйкес еңбек сіңірген жылдарына және санатына қарай ( 90000 теңгеден бастап).
Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы, аттестаттаудан өту, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми сайтта жарияланған сәттен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс: https://sad61-kst.testim.kz/ru/
Анықтама телефоны: 50-37-84 ;50-29-27;
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.